Экокүнделік
Экокүнделік
Азаттық радиосы
Қоқыстан қалай ақша табуға болады? Қоқыс 21 ғасырдың пайдалы қазбасы ма? Ғалам жылынып, климат өзгеріп барады, бұл процесті тоқтатуға сіз қалай үлес қоса аласыз? Подкаст барысында осы және өзге сұрақтарға жауап іздейміз.
Тұрмыстық техникадан - робот, джинсыдан - шоппер. Экоакция қалай өтті?
21 шілдеде Алматыда кезекті экоакция өтті. Мұндай шарада тұрғындар қайта өңделетін заттарын өткізіп, өзіне қажет заттармен алмаса алады. Жарамсыз дәрі-дәрмек, сынған қолшатыр, артық ыдыстарын да жұрт осы акцияға өткізу арқылы экологияны жақсартуға үлес қосады.
Jul 25, 2024
24 min
Компост – бұл ғаламдық жылынумен күресте чемпион
29 мамыр – дүниежүзілік компост күні. Компост бұл органика қалдықтарын дұрыс шірітіп, тыңайтқышқа айналдырған кезде пайда болатын субстрат.
May 18, 2024
30 min
"Қаңтар мен наурызда жер сілкінісі болады деген болжамымыз тура келді". AI апаттарды дәл болжай ала ма?
Кейінгі айлардағы су тасқыны, жер сілкінісі, былтырғы орман өрті мен қуаңшылық табиғи апаттарды алдын ала болжау маңыздылығын көрсетіп отыр. Мамандардың сөзінше, әзірге Қазақстанда табиғи апаттарды болжағанда көбіне ескі тәсілдер пайдаланылады.
May 2, 2024
48 min
Кәріз суын тазарту: 21 ғасыр технология көзімен
"Сорбұлақ – бұл ескі әдіс. Қазір технология кәріз суын ішетін су сапасына дейін тазарта алатындай деңгейге жетті" дейді су маманы Қайрат Оспанов. "Суды пайдаландыңыз, оны табиғатқа қайтару керек. Ал қазір қайтарудан гөрі ластау жылдам жүріп жатыр. Мұндайда су тапшылығы туындауы заңды" дейді маман.
Apr 21, 2024
45 min
Ақтаулық кәсіпкер: Шылаушын бизнесімен айналысатындарға мемлекет көмектессе, екі ірі мәселе шешілер еді
Ақтаулық әлеуметтік кәсіпкер Салтанат Бралина бір жылдан бері калифорниялық шылаушын өсірумен айналысады. Айтуынша, бұған органика қалдықтары мәселесін шешуге талпыныс түрткі болған. Ол аталған мәселені зерттеп, ақырында ең оңтайлы шешімі - шылаушын деген қорытындыға келген.
Feb 2, 2024
13 min
Данияр Бакимов: Қалдық өңдеу бизнесінде тек патриоттар ғана қалды
Rocket plastic жобасының өкілдері пластик өңдеп, дизайны ерекше бұйымдар жасайды. Бұған қоса, кәсіпкерлерге, білім мекемелеріне пластик өңдейтін аппараттар ұсынады. Eco Kundelik-тің кезекті эпизодының қонағы Rocket plastic жобасының негізін қалаушы әлеуметтік кәсіпкер Данияр Бакимов.
Jan 10, 2024
25 min
Пластик бөтелкені азық-түлікке алмастыратын дүкен және қоқыс бизнесі
Қазақстанда пластик бөтелке, әйнек ыдыс, картон сияқты өңделетін қалдық түрлерін азық-түлікке алмастыратын алғашқы дүкен қай жерде орналасқан? Қоқыс бизнесімен айналысу тиімді ме? Эко күнделіктің кезекті эпизодының қонағы әлеуметтік кәсіпкер Владислав Голярко осы сұрақтарға жауап береді.
Dec 20, 2023
22 min
Зымыран бөлшектерінің құлағанына куә болған экс-полицейдің хикаясы
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы тұрғындарының сөзінше, 2000-жылдардың басында аудан жері бірнеше жыл бойы Ресейдің зымыран сынықтарының құлауы үшін пайдаланылған. Бірақ ол туралы ақпарат өте аз.
Dec 6, 2023
23 min
Load more