Алтын қордан - Айтыс
Алтын қордан - Айтыс
Qazaq Radiolary
Көнеден қалған сөз өнеріміздің бірі – айтыс. Оны жоғалтпай жандандырып дамыту, ұлтымыздың мақтанышына айналдыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінде халықтың қалың ортасынан жарып шыққан, ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып, жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды ақындарды таныту, жастарды тәрбиелеудің маңызды мәселелердің біріне айналуда. Айтыс өнері – бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер – ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға жеткізу мақсатында, көпшілікке насихаттау.
Алтын қордан ескі айтыс
Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі – ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.
Feb 2, 2020
24 min