Alqa literary podcast
Alqa literary podcast
Шерхан Талап
"Alqa" әдеби подкасты әдебиеттің өзекті мәселелерін ортаға салып, жаңа тенденцияларды талқылайды және жаңа туындылар мен авторларды насихаттауды мақсат етеді.
Детектив: 10 млн жеңген роман, диктофонға жазылмаған әңгіме, өзін соттамаған Бишімбаев
Бұл жолы детектив тақырыбында жазып жүрген жазушыларды шақырдық. Абай Аймағанбеттің жақында шыққан “Бұрылысқа жарты қадам қалғанда” атты детектив романы, Жадыра Шамұратованың детектив тақырыбындағы әңгімелері талқыланды. Сосын жазушының түрме аралап жүрген кездегі диктофонға айтылмайтын істерге қалай үңілгенін, тақырыпты қалай зертеу керектігі де айтылды. Жалпы біз детективті қалай түсініп жүрміз? Оның табиғаты қандай болуы керек? Жадыра апай “Абайдан қорқу керек” дейді. Расында, Абай қылымыскердің профилін жасаған кезде, өлімді суреттеген кезде аяусыз жазады екен. Оқыған адам айтар.
Jun 12, 2024
57 min
Ақбереннің алып адамы, Мақсаттың сиам егіздері және Мағауиннің жарияланбаған тізімі
Подкасттың алғашқы қонақтары – ақын Ақберен Елгезек пен жазушы Мақсат Рамазан. Әңгіме Мұхтар Мағауинмен кездесу төңірегінде басталып, өткен жолы қаламгер айтқан 40 жас жазушының тізіміне жалғасты. Мақсат Мәліктің "Абыл мен Қабылы", әдебиеттегі кәсібилік, бүгінгі тақырыптар сөз болды. Ақберен Елгезектің әлі жарық көрмеген жаңа романы, сын қабылдау, көп мақталудың зияны, тіл мен форма секілді тақырыптар талқыланды.
May 28, 2024
59 min